КҚК қаңтар-сәуір айларында мұнай экспортын 1,4% арттырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Каспий құбыр консорциумы (КҚК) 2019 жылдың қаңтарынан сәуірге дейін 20,306 млн тонна мұнай экспорттады. Бұл 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,45% артық, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі КҚК деректеріне сілтеме жасап.

Биыл сәуірде мұнай экспорттау көлемі 4,13 млн тонна болды (былтырғы көрсеткіш - 5,068 млн тонна).

Айта кетейік, КҚК 2018 жылы 61,084 млн тонна, яғни 2017 жылғыдан 10,8%-ке артық мұнайды экспортқа жіберген.

Каспий құбыр желісі консорциумы Ресей аумағы арқылы қазақстандық мұнайды экспорттауға және құбыр құрылысы үшін бекітілген. КҚК қашықтығы 1,5 мың шақырымды құрайтын «Теңіз-Новороссийск» мұнай құбырына ие. Ол Қазақстанның батысындағы кен орындарын Ресейдегі Қара теңіз жағалауымен байланыстырады.

КҚК акционерлері: Ресей (Транснефть - 24% және КТК Компани - 7 %) - 31%; Қазақстан (Қазмұнайгаз - 19% және Kazakhstan Pipeline Ventures LLC - 1,75%) - 20,75%; Chevron Caspian Pipeline Consortium Company - 15%; LUKARCO B.V. - 12,5%; Mobil Caspian Pipeline Company - 7,5%; Rosneft-Shell Caspian Ventures Limited - 7,5%; BG Overseas Holding Limited - 2%; Eni International N.A. N.V. - 2% және Oryx Caspian Pipeline LLC - 1,75%.

Соңғы жаңалықтар