USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

ҚКХП-ның штабы электоралдық науқанды өткізу кезінде заңнаманы қатаң түрде сақтайтын болады - А.Қоңыров

2016 жылғы 11 ақпан 16:18
Бөлісіңіз:
ҚКХП-ның штабы электоралдық науқанды өткізу кезінде заңнаманы қатаң түрде сақтайтын болады - А.Қоңыров

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР-дағы сайлауды бақылау бойынша Республикалық қоғамдық комиссия мүшелері Қазақстан коммунистік халық партиясының (ҚКХП) сайлауалды штабында болды.

Комиссия мүшелерінің делегациясын СБРҚК төрағасы Н.Ерімбетов, ҚКХП тарапынан - партияның республикалық сайлауалды штабының басшысы А.Қоңыров басқарды.

Кездесу барысында электоралдық науқанды өткізу мәселелері талқыланды. Партияның аймақтық филиалдарының алдағы сайлауға дайындық жұмыстарына және барлық кезеңдерде қоғамдық бақылау жүйесіне ерекше көңіл бөлінген.

Сондай-ақ СБРҚК-ның мүшелері ҚКХП сайлауалды штабының жұмысымен танысып өтті. Комиссияның төрағасы Н.Ерімбетов бүгінде электоралдық циклдың заңнамаға толық сәйкес өтіп жатқанын атап өтті.

«Біз сайлау процесінің барлық аспектілерінің үздіксіз мониторингін жүргізіп жатырмыз. Сайлауға қатысы бар барлық субъектілерге қандай да бір ескертулер жасалған жоқ. Қазіргі кезде біз барынша ашықтықты қамтамасыз ету үшін Орталық сайлау комиссиясы, саяси партиялардың сайлауалды штабтары, БАҚ-пен өзара ықпалдастықты нығайтып отырмыз», - деп түсіндірді Н.Ерімбетов.

СБРҚК төрағасы ағымдағы сайлау процесінің заманауи Қазақстанның дамуы үшін маңыздылығын ерекше атап өтті.

Қоғамдық қайраткерлер одан тыс қалған жоқ. Дауыс беру күні біздің байқаушыларымыз елдің әрбір сайлау учаскесінде жұмыс істейтін болады. Өз тарапынан А.Қоңыров ҚКХП-ның штабы электоралдық науқанды өткізу кезінде заңнаманың қатаң түрде сақталуына бағытталып отырғанын атап өтті.

- Біз ынтымақтастық пен диалог үшін әрқашан ашықпыз. Халық коммунистері тәуелсіз қоғамдық бақылау механизмінің алдағы сайлаудың маңызды элементі болып табылатынына сенімді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Туғанбаева

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT