+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

ҚҚДИ Басқарма төрағасының жаңа орынбасары таныстырылды

2020 жылғы 11 қаңтар 13:54
Бөлісіңіз:
ҚҚДИ Басқарма төрағасының жаңа орынбасары таныстырылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Рухани Жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ Басқарма төрағасы Кемелбек Ойшыбаев ұжымға жаңа орынбасарды таныстырды. Бұл қызметке Артур Нығметов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат kipd.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Ұқсас жаңалықтар
KEGOC компаниясының басшысы қызметінен кетті Швецияда ел тарихында алғаш рет әйел премьер-министр сайланды Қанат Бозымбаев Алматы облысының әкімі болып тағайындалды

Артур Нығметов 2007 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірді, бір жылдан кейін Мәскеу саяси зерттеулер мектебін аяқтады. Шведтік SIPU International мемлекеттік және муниципалдық басқару институтында тағылымдамадан өтті.

Бұқаралық ақпарат құралдарында, медиакорпорацияларда жұмыс тәжірибесі бар.

Әр жылдары «Медиалық технологиялар орталығы» жеке қорының директоры, Орталық коммуникациялар қызметінің басшысы, Қызылорда облысы әкімінің кеңесшісі болып жұмыс істеді.

«Үздік публицист» номинациясы бойынша жыл сайынғы «Халық сүйіктісі» қоғамдық сыйлығының лауреаты, «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT