Қиын жағдайда жүрген балаларға ерекше назар аударылмақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында баланың құқықтарын қорғау мәселесі қарады. деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жиында, сондай-ақ баланың құқықтарын қорғау мәселесі жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметіне байланысты мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар талқыға салынды.

«Бүгінде заңдар баланың қиын өмірлік жағдайға тап болуын бағалайтын негіздемелердің түрлі тізбесін қамтиды. Нақты түрде балаларға қажетті арнайы әлеуметтік қызметтер жүйесін кімдердің қалыптастыратыны ашық мәселе күйінде қалып отыр. Осыған байланысты заң жобасында кәмелетке толмағандар үшін қиын өмірлік жағдай түсінігі сәйкестендірілді», - деді Мәжіліс депутаты Светлана Бычкова заң жобасын таныстыру барысында.

Оның сөзіне қарағанда, балалардың қараусыз және панасыз болуына жол бермеудің жаңа формасы ретінде медициналық-әлеуметтік есептілік енгізілді. Бұл тұрғыда балаға арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсетудің негізі пысықталды.

«Осы шаралар қиын өмірлік жағдайға тап болған жеткіншектердің медициналық-әлеуметтік паспорттарын енгізуге негіз болады деп сенеміз. Яғни, қиын жағдайдағы әрбір бала әр өңірде жүйеленген түрде есепке алынып, оған назар аударылады. Жергілікті атқарушы органдардың және кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның қатысуымен балаға қатысты тиісті бағдарлама жасалады. Бұл ретте оқыту немесе қажетті медициналық-әлеуметтік қызметтер қамтылып, оны қолдау шараларының барлық сатысы мен нәтижесі бдағылауда болады. Қанатқақты қадамдар бойынша осы жобаны ЮНИСЕФ-пен бірге іске асырудамыз. Егер де толыққанда іске қосылса, онда ол үлкен жәрдем болып, әрбір балаға көңіл бөлінеді», - деді С. Бычкова.

Соңғы жаңалықтар