Қиын сәтте қолдағаны үшін Қазақстан халқына алғыс айтамын – Дебора Лайонс

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Біріккен ұлттар ұйымының Ауғанстанға көмек көрсету жөніндегі миссиясының арнайы өкілі және басшысы Дебора Лайонс Қазақстан халқына қиын сәтте қолдау білдіргені үшін алғыс айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біріккен ұлттар ұйымы Қазақстанның әріптестік көрсетіп, Алматыда уақытша кеңсе орнатқаны үшін алғыс айтады. Бұл кеңсені орналастыру Кабулдағы билік құлағанға дейін келісілген болатын. Осы келіссөздер кезінде Кабулдағы жағдай нашарлаған жағдайда персонал санын уақытша қысқартып, Ауғанстандағы әрекеттер күшейсе, БҰҰ персоналын осы елге жақын әрі қауіпсіз жер ретінде жеткізу керек деген шешім қабылданған», - дейді Біріккен Ұлттар Ұйымының Ауғанстанға көмек көрсету жөніндегі миссиясының арнайы өкілі .

Сондай-ақ, ол қазір Ауғанстаннан кеткісі келетін адамдардың арасында хаос болып жатқанын атап өтті.

«Қазір Ауғанстаннан шыққысы келетін адамдардың арасында хаос болып жатқанын көріп отырмыз. Біріккен ұлттар ұйымының UNAMA агенттігі талибан көсемдерімен байланыс орнату үшін жұмыс істеп жатыр. Бұл Ауғанстандағы адамдарға тіршілік үшін маңызды қызметтер ұсыну үшін қажет. Бірқатар Ауғанстан көшбасшысы әлі де әлемнің әр елінде жүр. Мүмкіндік барда біздің халықаралық персонал Алматы мен Кабул арасында жұмыс істей береді», - деген UNAMA басшысы Қазақстан Үкіметі мен халқына ұйым атынан ризашылығын білдірді.

«Қазір UNAMA өкілдерінің Ауғанстанға барып, алаңсыз жұмыс істеуі бойынша келіссөздерде қаралып жатыр. Алматыдағы құрылып жатқан кеңсе тек халықаралық персоналға арналады. Қалған мамандар уақытша негізде өзге елдерге жіберіледі. Қазақстан Үкіметі мен Қазақстан халқына БҰҰ жұмысына қосқан үлесі үшін, елдеріңізде база құруға рұқсат беріп, осынау қиын кезеңде қолдау көрсеткендіріңіз үшін ерекше рахмет айтамыз», - деді Дебора Лайонс.


Соңғы жаңалықтар