Қиын-қыстау кезеңде Мемлекет басшысына қолдау білдіріп, өткеннен сабақ алуымыз қажет - Мұса Әубәкіров

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавл тұрғыны, жастар қозғалысының белсендісі Мұса Әубәкіров сын сағатта ел Президенті өз міндетін мінсіз атқарды деген пікірде. Енді қиын-қыстау кезеңде Мемлекет басшысына қолдау білдіріп, өткеннен сабақ алуымыз қажет, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мұса Әубәкіровтің айтуынша, ол қазір жаман түс көріп жатқандай сезімде. Бұл кезеңнен тезірек өтіп, жағдайдың түзелетініне сенімі зор.

«Әр жаман түстен оянатын кез болады ғой. Сондықтан бәрі жақсы болады, еліміз үшін ауыр болған бұл кезеңнен де өтеміз. Ия, қазір кімге болсын оңай емес. Әсіресе, полицейлер мен әскери қызметшілерге ауыр жүк артылған. Осындай халқымыз үшін сын сағатта Президентіміз тұрақтылыққа қол жеткізу үшін бейбіт, дұрыс және әділ шешімге қол жеткізу үшін барлық күш-жігерін жұмсады. Халық мұның бәрін көріп, түсініп отыр және бағалайды. Президентке деген сенім, құрмет және оның беделі осы қорқынышты трагедиядан кейін өсе түсті», - дейді Петропавл тұрғыны.

Жастар белсендісінің пікірінше, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың әр шешімі елде бейбітшілікті орнатуға бағытталған.

«Қасым-Жомарт Кемелұлы біздің үмітімізді ақтап, өзіне жүктелген міндетті мінсіз орындайтынына сенемін. Тек біз де қолдау білдіруіміз керек. Халықтың ең белсенді бөлігі - жастар болашаққа үмітпен қарайды және жастар Президенттің еліміздегі бейбітшілік пен тыныштық орнататынына сенімді», - дейді Мұса Әубәкіров.


Соңғы жаңалықтар