«KITF-2018» көрмесі туризм саласындағы тың жаңалықтарды ұсынады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 18 сәуір күні Алматыда «Туризм және Саяхат» - KITF-2018 жыл сайынғы көрмесі өз жұмысын бастады. Дәстүрлі түрде бизнес алаң жаңа трендтерді белгілеп, соңғы жаңалықтардың және жаз маусымындағы туристік сектордың жұмысына арналған құралдардың тұсауын кеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

KITF-2018 көрмесі халықаралық және ішкі туризм, медициналық және сауықтыру туризмі, іскерлік туризм сияқты салалар мен «Шет мемлекеттегі жылжымайтын мүлік» сияқты жаңа саланы қамтиды, ол жылжымайтын мүлік нарығының қатысушылары үшін және туризм саласының өкілдері үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

Көрменің ашылған күнінен, яғни сәуірдің 18-нен бастап 20 сәуірге дейін туризм бойынша түрлі тақырыптық таныстырылымдар өтеді. Оларды Farhat International Tours & Travels Бахрейн туроператоры, KAZUNION қазақстандық туроператор, Premium Travel Company Қазақстанның көп бейінді туроператоры, TEZ TOUR халықаралық туроператор, КФ Туристік Қамқор және «Ника» ресейлік круиздік туроператоры сияқты ұжымдар ұсынады. Ресей және ТМД Медициналық туризм агенттіктері ассоциациясы сенімді серіктестерді іздеу және саланың аталған сегментінде берік іргетасты қалыптастыру үшін ІТ-шешімдер тақырыбында оқыту семинарын өткізеді. Өз кезегінде Қазақстанның туристік ассоциациясы көрменің іскерлік бағдарламасы шеңберінде «Экологиялық Туризм - индустрия тренді» және «Қонақүйді қалай ашуға болады» атты тақырыптарда жұмыс жүргізеді.



«KITF көрмесінің ұйымдастырылуын жоғары бағалаймыз, көрменің қонақтары мен туристер өздері үшін қызықты ұсыныстар табатынына сенімдімін» - деді Алматы қаласының туризм және сыртқы байланыстар басқармасының бастығы Ерлан Жайлаубай.

Бұдан басқа, 20 сәуірде алғаш рет KITF 2018 шеңберінде Almaty Travel Fest саяхатшылар форумы өтеді. Бұл әуесқой саяхатшылар мен кәсіби саяхатшыларды біріктіретін және белгілі трэвел-фотографтармен, трэвел-блогерлермен, тілшілермен және басқа да туристік бизнес өкілдерімен танысуға арналған бірегей алаң.



Жалпы алғанда «Туризм және Саяхат» - KITF 2018 жыл сайынғы көрмесінің ауқымы мен халықаралық форматы шара қатысушыларына 29 мемлекетті қамтуға мүмкіндік береді. Олар: Әзербайжан, Армения, Бахрейн, Болгария, Венгрия, Вьетнам, Германия, Греция, Грузия, Доминикан Республикасы, Египет, Үндістан, Индонезия, Испания, Қазақстан, Қытай, Бахрейн Патшалығы, Куба, Қырзғызстан, Латвия, Малайзия, Мальдив аралдары, Марокко, БАӘ, Ресей, Словения, Таиланд, Түркия, Өзбекстан, Оңтүстік Корея, Жапония.

Жыл сайын өтетін «Туризм және Саяхат» KITF 2018 халықаралық көрмесінің ұйымдастырушысы Iteca қазақстандық көрме компаниясы. Ол ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы департаментінің. Алматы қаласының Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының, ЮНВТО дүниежүзілік туристік ұйымының, Қазақстан ұлттық кәсіпкерлер палатасының және Қазақстандық туристік ассоциацияның қолдауымен өткізіледі. Көрме серіктесі Cornelia Hotels Golf and SPA қонақ үйлер желісі болып табылады.























Соңғы жаңалықтар