KITF 2016 халықаралық көрмесіне 300-ге жуық компания қатысты (ФОТО)

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда өтіп жатқан KITF 2016 халықаралық көрмесіне әлемнің 31 елінен 300-ге жуық компания қатысты.

Аталған көрмені ITE Group (Ұлыбритания) мен Iteca (Қазақстан) ұйымдастырып отыр.

«Алматы облысының әкімдігі атынан көрменің ашылуымен құттықтаймын. Биыл көрменің ресми серіктесі болғанымызға өте қуаныштымыз. Соңғы уақытта ішкі туризмнің дамуын бақылап келеміз. Әсіресе Алматы облысында бұл айқын сезіледі», - деді Алматы облысы әкімінің орынбасары Серік Тұрдалиев.

Айта кету керек, қала әкімі Бауыржан Байбек көрмені өзі аралап, туристік компаниялардың дамуы қарқынымен танысты.

Жылда өтетін халықаралық көрме туристік саланың майталмандарының басын қосып, ең үздік ұсыныстар мен шешімдерді қабылдауға мүмкіндік береді.

KITF алаңы Алматы қаласының Қазақстанның іскерлік және туристік орталығы ретінде әлемге танытуға үлкен мүмкіндік берері сөзсіз.

Келушілер Әзербайжан, Болгария, Грекия, Грузия, Доминикан Республикасы, Үндістан, Индонезия, Испания, Қытай, Корея, Куба, Малайзия, БАЭ, Татарстан, Тайланд, Түркия, Чехия елдерінің профильді ұйымдары өкілдерімен кездесіп, өзара тиімді келісімдерге қол жеткізді.





Соңғы жаңалықтар