Кітапханашылардың басты проблемасы не?

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Білім беру мазмұнын сараптау республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Елдос Нұрланов кітапханашылардың басты проблемасын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кітапханашылар арасында өткізілген сауалнамаға сәйкес, ең бірінші мәселе – жалақының төмендігі. Сауалнамаға қатысушылардың 88 пайызы осы проблеманы атады. Одан кейін кітапхана қорын әлі де толықтыру керек. Себебі алдыңғы жылдары өз шешімін таппады. Тек соңғы 1,5 жылдың ішінде 23 пайызға толықтырылд ы . Бірақ бұл әлі де жеткіліксіз. Кітапхана жиһазы және кітапхана қызметін автоматтандыру да мәселе болып отыр. Себебі әртүрлі автоматтандыру жүйесі қолданылғанымен олардың сүйемелденуі проблемаға айналған», - деді орталық басшысы Оқу-ағарту министрлігінің аппарат жиналысында.

Сонымен қатар ол кітапханашылардың біліктілігін арттыру да мәселелердің бірі екендігін баса айтты.

«Мысалы, осы уақыттың ішінде «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығынан 632 кітапханашы ғана өткен. Бұл 11 аймақтың 15,4 пайызын қамтитын көрсеткіш қана», - деді Елдос Нұрланов.


Соңғы жаңалықтар