Кісі қолынан қаза тапқан дәрігердің туыстары күдіктінің қатаң жазалануын сұрады

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда гастроэнтеролог Юрий Шумковты өлтірді деп айыпталған күдікті соңғы сөзінде өз кінәсін толық мойындап, марқұмның туыстарынан кешірім сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сот отырысында кісі қолынан қаза тапқан дәрігердің әйелі мен анасы соттан айыпталушыны заң аясында барынша қатаң жазалауды, ал сотталушының туыстарынан түсіністікпен қарап, жазасын жеңілдетуді сұрады. Олар Шумковтың туыстарынан да кешірім сұрады. Сотталушы өзінің соңғы сөзінде кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінді. Сонымен қатар ол өз әрекетін түсіндірді. Айтуынша, ол дәрігерді қорқытып, дертіне қатысты бар шындықты білгісі келген.

Бүгінгі отырыста прокурор 35 жастағы Т.-ны бірнеше бап бойынша кінәлі деп танып, оны 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді.

Бұған дейін Полиция департаментінің патрульдік полиция полкінің қызметкері мен такси жүргізушісінен жәбірленуші ретінде жауап алынған болатын.

Кейін сотталушы дәрігер Юрий Шумковтың туыстарынан кешірім сұраған еді.

4 сәуір күні Алматыда дәрігер емделуші пациентінің қолынан қаза тапты. Оны күдікті аңшы мылтығымен атып тастаған. Аса ауыр қылмыс қаланың Бостандық ауданында болған. Күдікті қалада енгізілген арнайы жоспар барысында Алатау ауданы аумағында ұсталды. Кейін ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Юрий Шумков пен пациент арасында қандай да бір жанжал болмағанын айтты.


Соңғы жаңалықтар