Кісі қолынан қаза тапқан Аяжан Еділова жерленді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда кісі қолынан қаза тапқан Аяжан Еділова жерленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл ақпаратты марқұмның бауыры Алмат Мүліков растады.

«Бүгін, 16 сәуірде Талдықорғанда жерленді», - деді ол.

Еске салсақ, 19 наурызда Алматыда 19 жастағы бойжеткен жұмыстан шығып үйіне оралмаған. Кейін Аяжан Еділова өлі күйінде табылды .

Алматы қалалық Полиция департаменті таратқан мәліметке сәйкес, 20 наурыз күні қыздың әпкесі полицияға жүгініп, сіңлісінің жоғалып кеткенін хабарлаған. Бойжеткенді іздеу үшін арнайы жедел тергеу тобы құрылды.

Іздеу жұмысы кезінде қыздың сол күні әлеуметтік желіде танысқан жігітпен кездесуді жоспарлағаны анықталды. Кейін белгілі болғандай, бойжеткен сол бейтаныс жігіттің қылмыстық әрекетінен қаза тапқан . Күдікті - 1993 жылы туған Түркістан облысының тұрғыны.


Соңғы жаңалықтар