Кішкентай теннисшілер Қазақстан кубогынан 15 мың доллар табыс тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 12 жасқа дейінгі балалар арасында Қазақстан кубогының командалық додасы қорытындыланды. Үшінші рет өткізіліп отырған турнирдің аясы биыл біршама кеңейіп, 14 облыстан 18 команда қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат SPORTINFORM-ға сілтеме жасап.

Алматы қаласы мен елорда екеуден команда шығарды. Командалардың әрқайсысында 4 ұл, екі қыз және екі капитаннан болды. 

«Балалар өткен жылдардағы турнирлерге қарағанда биыл мейлінше сапалы ойнады. Екі жыл бұрынғымен салыстырғанда биылғы деңгейі жоғары болды», - дейді бапкер Ая Оспанова.

Турнир қорытындысына сай, 7 000 доллар мөлшеріндегі бас жүлде «Алматы-1» командасына бұйырды. Ал Астана-1 командасы күміс жүлдені иемденіп, 5 000 долларға ие болды. Үшінші орынға қол жеткізген Қызылорда облысынан келген бүлдіршіндерге 3 000 доллар табыс етілді. 
null

Түркістан облысы командасының сапындағы Қарақат Қойлыбаева ең маңызды ойыншы аталымында жеңіске жетті. Үздік капитан ақтөбелік Сергей Квак атанса, Жамбыл облысынан келген бүлдіршіндер ең ұйымшыл команда болды.

«Біз алдымен сынақ өткізіп, балаларды топтарға бөлеміз. Ережелерді былтырғыдан аздап өзгерттік. Қалай дегенмен де, бір жылдай тенниспен айналысқан бала тенниске енді ғана келген балаға қарағанда әлдеқайда жақсы дағдыларға ие болады. Сондықтан да, жаңадан келген балалардың барлығы ақылы топтарға түседі. Қатысу ақысы да аса қымбат емес, айына - 13 мың теңге. Бір-екі жыл жаттығып, көзге түскен балаларды тегін жаттықтырылатын топтарға жібереміз», - дейді Қазақстан Теннис федерациясының атқарушы директоры Юрий Польский.
null

Ары қарай теннисші балалар өздерін көрсетіп, турнирлерде жеңіске жетуі тиіс. Ондай турнирлер жеткілікті. Теннис федерациясы тамыздың өзінде Алматы, Астана, Шымкент және Көкшетау қалаларында 10 балалар турнирін өткізеді. Ерекше дарынды балалар үшін бонустар беріледі. Орта мектепті бітірген соң АҚШ жоғары оқу орындарының біріне тегін оқуға алынады. Оқып жүрген жылдары сол университеттің намысын қорғайды. 22 жастағы теннисші Анна Данилина да осы схема бойынша оқып шықты. Ол жуырда ғана Астанада өткен халықаралық «Қазақстан Президенті кубогына» қатысып, ел қоржынына 6-шы титулды салды. 

null

6 күннен кейін Индонезияда жазғы Азия ойындары басталады. Онда 8 теннисші Қазақстан намысын қорғайды. Ерлер арасында - Александр Бублик, Денис Евсеев, Тимур Хабибулин және Александр Недовесов күш сынасса, әйелдер турнирінде - Гөзал Айнитдинова, Анна Данилина, Жібек Құламбаева және Дарья Детковская сынға түседі. Олардың ішінде өткен аптада Президент кубогында сынға түскен спортшылар келер жылы беделді халықаралық додаларға қатысатынын жақсы түсінеді.

Соңғы жаңалықтар