Кішкентай көрермендер көзайымы «balapan»-ға 8 жыл

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сегіз жыл бойы еліміздің кішкентай көрермендерінің көз қуанышына айналған «balapan» телеарнасы сегізінші туған күнін атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Еліміздегі балаларға арналған тұңғыш және жалғыз арна өз жұмысын 2010 жылдың 27 қыркүйегінде бастады. Сол уақыттан бері оқу-танымдық, спорт, ойын-сауықтық, анимациялық және интеллектуалдық тележобаларды жарыққа шығарып, әр баланың сенімді серігіне, рухани жетекшісіне айналды.

nullТелеарна 7 жыл ішінде 25 авторлық анимациялық жоба түсірсе, биыл бір жылдың өзінде 10 төл туындысымен бүлдіршіндерді қуантуда. 

null«balapan» еліміздегі балаларға арналған жалғыз телеарна болғандықтан, бағдарлама көрсетуші ғана емес, тәрбие құралы деп айтуға болады. Телеарнадағы жаңашылдықтарға келсек, бұрын жылда бір маусым дайындасақ, биыл көктем, жаз, күзгі маусымдар ұйымдастырылды және әр маусым жаңа жобалармен ашылды. Ондағы мақсатымыз - жыл бойы балалардың күнтізбесіне сай жұмыс істеу, соған орай эфирді жаңа контенттермен жүйелі түрде толықтырып отыру. Осы аралықта 50 жаңа жоба көрермен назарына ұсынылды», - дейді «balapan» телеарнасының бас продюсері Сандуғаш Баймаханқызы. 

nullБас продюсердің айтуынша, «balapan» телеарнасының негізгі аудиториясы 12 жасқа дейін болғанымен, зерттеу нәтижесі бүкіл отбасы тамашалайтынын көрсетті. 

nullТелеарнаның туған күн кеші екі бөлімнен тұрды, бірінші бөлімде балалармен ойын-сауық ұйымдастырылып, балаларға сыйлықтар таратылды, екінші бөлім еліміздің түкпір-түкпірінен арнайы шақырылған өнерпаздардың мерекелік концертіне жалғасты. 

Соңғы жаңалықтар