Кішкентай қазақстандық Ресейде батуттан зардап шекті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Соль-Илецк қаласында кішкентай қазақстандық батуттан зардап шекті, деп хабарлайды Вестирама.ру. 

РФ Тергеу комитетінің Орынбор облысы бойынша тергеушілері батуттағы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғады. 

Тергеу деректеріне сәйкес, 2018 жылдың 7 шілдесінде Соль-Илецкте орналасқан «Соленые озера» демалыс аймағында ауа қысымымен жұмыс істейтін «Подушка. Крутой прыжок» аттракционында техникалық ақаулар болған және онда секірген Қазақстан Республикасынан ата-анасымен бірге қыдырып келген кішкентай бала зардап шекті. Баланың сан жілігі ішінен сынған. 

Зардап шеккен бала дереу ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта ол туған қаласында амбулаториялық ем алып жатыр. Қылмыстық іс бойынша тергеу ісі жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар