Кіші Юбэнк 2017 жылы Головкинмен айқасуға дайын

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Британдық боксшы Крис кіші-Юбэнк (23-1, 18 КО) iFL TV-ге берген сұхбатында қазақстандық Геннадий Головкинмен (36-0, 33 КО) айқастың неліктен бұзылғанын, сонымен қатар келесі жылы жекпе-жектің болатынына үміттенетінін айтты.

«Эдди Хирн бұл жағдайдан оңай шығудың жолын тапты - айқасты Келл Брукке берді. Біз Головкинмен болатын жекпе-жектің келіссөздерін жүргіздік және ол аяқталуға жақын қалып еді. Алайда, біз ұсынылған дүниенің барлығына келісе беретіндердің қатарынан емеспіз. Біз өзімізге лайық шарттар орындалса ғана айқасамыз. Келл болса Эддидің ұсыныстарының барлығына келіседі. Адамдар менен «Головкинмен жекпе-жектің болмағаны үшін қынжыласың ба?» деп сұрайды.  Бұл жіберіп алынған мүмкіндік, бірақ себепсіз ештеңе болмайды. Біз әлі де айқасты ұйымдастыра аламыз және ол 2017 жылы өтеді деп үміттенемін», - деп келтіреді Sports.kz Юбэнктің сөзін. 

Соңғы жаңалықтар