Кіші Талдыкөлге ағаш отырғызылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 28 тамыз, жексенбі күні кіші Талдыкөлдің аумағына ағаш отырғызу жоспарланып отыр. Бірінші кезеңде 600-ге жуық жапырақты ағаш отырғызылмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ақпарат көзі кіші және үлкен Талдыкөл бойынша эко-урбандалу қағидаттарын пайдалана отырып, қалалық аумақты елорданың саябақ аймақтарымен интеграциялау бойынша жұмыс жалғасып жатқанын да мәлімдеген.

«Нұр-Сұлтандағы кіші және үлкен Талдыкөлде экопарк құрылады. Осы мақсатта бірінші кезеңде 1 миллиард теңге көлемінде қаржыландыру бөлінді. Бүгінгі таңда үлкен Талдыкөл бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленді, Кіші Талдыкөл су объектісіндегі су балансын сақтай және толықтыра отырып, рекреациялық аймақ құру бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде», - делінген жазбада.


Фото: gov.kz




Соңғы жаңалықтар