Кіші Талдыкөл маңындағы құрылысқа қатысты сәулетшілер не дейді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздің белгілі сәулетшілері орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Кіші Талдыкөл маңындағы құрылысқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кіші Талдыкөл - астананың көрікті жерлерінің бірі. Елорданың сәулет жоспарын жасаған Кисё Курокаваның жұмысын талқылаған кезде бұл территорияны сақтап қалу керек деген ұйғарым шағарғанбыз. Қаланың жасыл аймағы ретінде тұруы тиіс еді. Сонымен қоса, ол қала деңгейінен төмен орналасқан. Талдыкөл маңына құрылыс жүргізудің керегі жоқ еді. Қазір онда құрылыс жүріп жатқан болса, онда шешімді тағы да сараптап, қалған жерлерін сақтап қалған жөн», - деді ҚР қала құрылысшылары одағының президенті Любовь Нысанбаева.

Ал, Қазақстанның құрметті сәулетшісі Сәрсенбек Жүнісов Кіші Талдыкөлдегі мәселенің туындауы - сәулетшінің әлсіздігінен болып отырғанын жеткізді.

«Қаланың бас жоспары әзірленгенде қуанып едік. Онда астананың 50 пайызы жасыл желек, қалған 50 пайызы құрылыс аумағы болады деп көрсетілген. Қазір жыл сайын жасыл аумақ болуы керек жерлер қысқарып жатыр. Біз Кисё Курокава ұсынысымен бекітілген жоспарды ұмытып кеттік. Бүгінде керісінше құрылыс қарқын алды. Елорда – жасыл қала болады дегеннің барлығы естен шығып кетті. Бұл әлсіз сәулетші мен мықты құрылыс компанияларының салдарынан болып отыр. Сәулетші білікті болса, ол барлығына қарсы шығып, бұл жерді алып қалар еді», - деп мәселенің себебін түсіндірді Сәрсенбек Жүнісов.

Осы орайда, Қазақстанның құрметті сәулетшісі Арқынжан Мәметовтің сәулет саласын басқарып отырған азаттарға қатысты айтқан сын-пікірін оқи отырыңыз.


Соңғы жаңалықтар