Кіші Крис Юбенк: жыл соңында Головкинмен жекпе-жек ұйымдастырғымыз келеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Британдық боксшы кіші Крис Юбенк сұхбаттарының бірінде қазақстандық Геннадий Головкинді қалай жеңуді білетінін мәлімдеді, деп хабарлады Sports.kz.

«Оның стилін бақыладым, оның ойынында кемшін тұстары жетерлік - ол баяу, қорғанбайды. Оны жеңу қиын емес. Жұдырығының қуаты күшті болғанымен, мені жеңуге шамасы жетпейді. Ол маған соққы дарытса, мен «Әрі қарай не істейсің?» деп сұраймын. Онымен айқасқан жігіттер бір соққыдан кейін беріліп қояды. Өйткені олар таяқ жегісі келмейді. Олар рингке шыққан сәтте жеңіліп шығады. Ал мен қорықпаймын. Головкин командасымен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Жыл соңында кездесу ұйымдастыруымыз мүмкін», - деді ол.

Головкиннің ықтимал қарсыластарының ішінде - Хильберто Рамирес, Эрисланди Лара, Дэниел Джейкобс және Билли Джо Сондерс бар.

Соңғы жаңалықтар