+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Кіші Алматы өзені бойындағы жаяу жүргіншілер жолы абаттандырылып жатыр

2021 жылғы 21 маусым 12:38
Бөлісіңіз:
Кіші Алматы өзені бойындағы жаяу жүргіншілер жолы абаттандырылып жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев абаттандыру жұмысы жүріп жатқан Кіші Алматы өзені бойындағы жаяу жүргінші аймағын тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы әкімі өзінің Instagram аккаунтында жаяу жүргінші жолындағы негізгі өзгерістер туралы айтты.

«Терренкур жайқалып келеді. Ұзындығы 9 шақырымдай болатын жаяу жүргіншілер жолының абаттандыру жұмысы аяқталуға жақын. Не істелді? Ең алдымен, 5 мыңға жуық бұталы өсімдік отырғызылып, жасыл қор ретке келтірілді. Оның беткейді нығайтып, жағалаудың құлауына жол бермесі анық. Әлбетте, жасыл аймақ ағзаның қалпына келуіне ықпал ететін арнайы микроклиматты сақтайды. Терренкурдың емдік мақсатта салынғаны бекер емес»,- деп жазды Алматы әкімі.

Оның айтуынша, екіншіден, арналар ретке келтіріліп, ол жер тұнба мен құмнан тазартылды. Габион конструкциялары нығайтылып, қалпына келтірілді. Мақатаев көшесіндегі көпір қайта жөндеуден өтіп, гидротехникалық құрылыс жаңартылды.

Бұл – Кіші Алматы өзенінің өткізу мүмкіндігін минутына 0,5 текше метрден 2,5 текше метрге дейін ұлғайтты.

Екі метрлік жерлер барынша үш метрге дейін кеңейтіліп, асфальт ауыстырылды.

«Қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін орындықтар жаңартылып, теңіз деңгейінің биіктігін көрсететін навигациялық стендтер мен ақпараттық стеллалар қойылды. Бұдан өзге әл-Фараби даңғылының астындағы туннель абаттандырылып, Оқушылар сарайы ғимаратының артына бақылау алаңы салынды. Кеңістіктің үйлесімділігі мен тұтастығын сақтау үшін барлық жерде ағаш пайдаланылды», - деп атап өтті Баөытжан Сағынтаев.

Абаттандыру жұмыстары аяқталуда. Санитарлық торапты қосу, балалар алаңдарын жасау, жекелеген учаскелерді абаттандыру ғана қалды.

Жұмыс сапары кезінде қала әкімі «Қазақстан» қонақ үйінің артындағы Достық скверін абаттандыру және Абай атындағы ҚазҰАОБТ жанындағы сквердің тарихи келбетін қалпына келтіру жұмысының нәтижесін көрді.

Сонымен қатар, қала басшысы фонтанды реконструкциялау және Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік музей аумағын абаттандыру жөніндегі жұмыстардың басталуымен танысты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT