Киркоров пен Нұртас «Алматы Арена» мұз сарайында концерт береді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл «Алматы Арена» мұз сарайында Филипп Киркоров пен Қайрат Нұртастың концерттері өтеді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз қазір жаңа нысандарды белсенді түрде жарнамалаудамыз. 5 қарашада «Алматы Аренада» жаппай сырғанау маусымы ашылды. Мұнда Алматының мың жылдығы, Муззон музыкалық сыйлығы, Қанат Исламның бокс жекпе-жегі сынды бірқатар салтанатты шаралар өтіп үлгерді. Барлық шаралар кезінде зал адамдарға лық толы болды. Билеттер 100% сатылып кетеді», - деді Бауыржан Байбек. 

Оның айтуынша, жыл соңына дейін бұл нысанда тағы 8 ірі шара өтеді.

«Бұл футзалдан УЕФА кубогының раунды, мәнерлеп сырғанаудан ұлттық чемпионат, Филипп Киркоровтың, Қайрат Нұртастың концерттері және т.б. Яғни, біз жыл соңына дейін нысанның техникалық параметрлерін тексеретін боламыз, бұл нысанда Универсиаданың ашылу және жабылу салтанаты өтеді. «Халық Арена» да өз жұмысын бастап кетті, арғы күні жаппай сырғанау маусымы басталады және «Алматы» хоккей командасының ойындары өтеді», - деп толықтырды Б.Байбек.

Соңғы жаңалықтар