+7 (701) 759 90 19
USD 388.81 EUR 429.01
RUB 6.08 CNY 55.49
Jańalyqtar

Кірістер комитеті жеке тұлғаның салыққа қатысты ТОП-20 сұрағына жауап берді

2019 жылғы 20 қазан 12:18
Бөлісіңіз:
Кірістер комитеті жеке тұлғаның салыққа қатысты ТОП-20 сұрағына жауап берді

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Мемлекеттік кірістер комитеті жеке тұлғалардың салыққа қатысты ТОП-20 сұрағына жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Салық төлеушілер үшін Telegram чат іске қосылды Алматыда шоу ұйымдастырушылар өз кірістерін 15 есеге азайтып көрсеткен Біртанов темекі, алкоголь сатушыларға қосымша салық салып, оны МӘМС қорына аударуды ұсынды

Салық төлеушілер (жеке тұлғалар) мүлікке, жер және көлік салықтарын төлеуге қатысты сұрақты жиі қояды. Азаматтар өздерінің салық міндеттемелерін қалай дұрыс орындау керектігін көбіне біле бермейді. Осыған орай Мемлекеттік кірістер комитеті ең жиі қойылатын ТОП-20 сұрақты іріктеп алды және олардың жауаптарын жариялайды.

1. Жеке тұлғалардың мүлік салығы, жер салығы және көлік құралдарына салығының төлеу мерзімдері қандай?

- Жеке тұлғалар бюджетке: жер салығы мен мүлік салығын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 қазанынан кешіктірмеу керек; көлік салығын есепті жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей төлейді.

2. Салықты уақытылы төлемегені үшін айыппұл санкциялары бола ма?

- Қолданыстағы Қазақстан Республикасының Салық кодексінде салық міндеттемесін орындаудың мерзімі өткен әрбір күн үшін бересі сомасына өсімпұл сомасын есептеуді қоспағанда, айыппұл санкциялары белгіленбеген.

3. Көлік салығын қалай төлеу керек?

- Жеке тұлғалар салық төлеуді тұрғылықты (тіркелген) жері бойынша жүргізеді.

4. Егер салық төлеуші тұрғылықты тіркелген жерін ауыстырып, Маңғыстау, ал көлік бұрынғысынша Алматы облысында тіркелген болса, онда жеке тұлғалар көлік құралдарына салынатын салықты қайда төлейді?

- Салықты тұрғылықты жері бойынша бюджетке төлеуі қажет, деректемелерін тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына не 1414 телефоны арқылы Байланыс орталығына хабарласып алуға болады.

5. Автокөлік жол-көлік апатынан кейін бұзылып, пайдаланылмай тұр, осы көлік құралы үшін салықты төлеу керек пе?

- Иә, автомобиль Жол полициясы басқармасының органдарында көлік тіркеу есебінде тұрған болса төлеуі керек. Осындай көлік құралы бойынша салық міндеттемесін орындауды тоқтату үшін оны тіркеу есебінен шығару қажет.

6. Көлік құралдарына салық төлеу кезінде өз атыма қате төлеп қойдым, ал автокөлік жұбайымның атына тіркелген. Енді бұл төлемді әйелімнің атына қалай есептесем екен?

- Салық кодексінің 101-бабы 5-тармағына сәйкес салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген (өндіріп алынған) сомасы басқа салық төлеушінің салықтық берешегін өтеу есебіне есептеуге жатпайды. Бұл адам сомасын қайтару туралы өтініш бере алады.

7. Егер мен автокөлікті сенімхат бойынша сатып жіберсем, салықтар кімге есептеледі: маған ба әлде автокөліктің нақты пайдаланушысына ма?

- Сіздің меншік құқығыңыз екі жақты мәміле жасалған және уәкілетті органда тіркелген негізде ғана тоқтатылады, автомобильді басқа тәсілдермен сату (сенімхат бойынша не сақтандыру бойынша) меншік құқығын тоқтатпайды.

Тиісінше, салықтар ресми түрде уәкілетті органда тіркелген автокөліктің меншік иесіне есептеледі. Бұл ретте сенімхат бойынша көлік құралын беру Азаматтық кодексінің нормаларына сәйкес мүлікті иеліктен айыру мен меншік құқығын беру болып табылмайды, тек меншік иесінің атынан оны басқаруға немесе мүдделерін білдіруге ғана құқық береді.

8. Егер автомобиль биыл тамыз айында сатып алынған болса, жеке тұлғадан көлік құралы салығын төлеу қандай мөлшерде жүргізіледі?

- Көлік құралы салығының сомасы меншік құқығы алынған айдың 1-күнiнен бастап салық кезеңiнiң соңына дейiнгі кезең үшін есептеледі. Тиісінше, сіздің жағдайыңызда көлік салығын бес ай үшін: тамыздан желтоқсанға дейін төлеу қажет.

9. Көлік құралдарының тіркемелері көлік салығын салу объектісі болып табылады ма?

- Көлік құралдарының тіркемелері көлік құралы салығын салу объектісі болып табылмайды.

10. Жеке тұлға қалай және қай жерде өз бетінше көлік салығын есептеу алады?

- Көлік құралы салығын есептеуді салық төлеушілер өз бетінше мынадай сервистерге өтіп: «Электрондық сервистер» - «Калькулятор» - «Көлік салығын есептеу» деген парақшалардан немесе мына сілтемеде есептей алады. Автоматты есептеуді жүргізу үшін ашық жолдарды толтырыңыздар.

11. Жер салығын және мүлік салығын айқындау үшін салық базасы қандай?

- Жер салығын айқындау үшiн жер учаскесiнiң және (немесе) жер үлесінің алаңы, ал мүлік салығы бойынша – мүлікті бағалау құны салықтық база болып табылады.

12. Жер учаскесіне арналған сәйкестендіру құжаттары болмаған жағдайда пайдаланушыны жер салығын төлеуші ретінде тану үшін негіз болып табылатын не?

- Жер учаскесіне арналған сәйкестендіру құжаттары болмаған жағдайда пайдаланушыны жер учаскесіне қатысты жер салығын төлеуші ретінде тану үшін:

1) жер учаскесі мемлекеттік меншіктен берілген кезде – мемлекеттік органдардың жер учаскесін беру туралы актілері;

2) қалған жағдайларда – азаматтық-құқықтық мәміле негізінде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздерде осындай учаскені іс жүзінде иелену және пайдалану негіз болып табылады (СК 499-б.3-т.).

13. Жеке тұлғадан мүлік салығын есептеудің салық базасы?

- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы есепті жылдан кейінгі әрбір жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша айқындайтын салық салу объектілерінің құны жеке тұлғалар үшін тұрғынжайлар, саяжай құрылыстары, гараждар бойынша салықтық база болып табылады (Салық кодексінің 529-б.1-т.).

14. Ауыл шаруашылық мақсатындағы пайдаланылмайтын жерлер бойынша жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету қай жағдайда жүргізіледі?

- Жергілікті өкілетті органдардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге базалық жер салығының мөлшерлемесін он еседен асырмай арттыруға құқығы бар (СК 509-б. 4-т.).

15. 2015 жылы қозғалтқыш көлемі 4 700 текше см болатын 2010 жылғы Lexus маркалы автомашинаны сатып алды да, анасының атына рәсімдеді, анасы «Алтын алқа» орденін иеленген, ол көлік салығын төлеуден босатылады ма?

- Салық кодексіне сәйкес қозғалтқыш көлемі 4 000 текше см-да асатын және уәкілетті органда 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін қайта ресімделген автомобильдер көлік салығын төлеуден босатылмайды, сондықтан аталған норма көрсетілген адамдарға қолданылмайды.

16. Мен 2-ші топтағы мүгедекпін, мен көлік салығынан босатыламын ба?

- Иә, Сіз 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін көлік құралының меншік иесінің ауысуына байланысты уәкілетті мемлекеттік органдарда тіркелген, қозғалтқыш көлемі 4 000 текше сантиметрден асатын жеңіл автомобильден басқа, салық салу объектісі болып табылатын бір автокөлік құралы бойынша – меншігіңіздегі мотоколяска және автомобиль бойынша жеңілдікті пайдалана аласыз.

17. Жеке тұлға-мүгедек үшін мүлік салығын және жер салығын есептеу кезінде қандай салық жеңілдіктері көзделген?

- Мүгедектер меншік құқығындағы барлық салық салу объектілерінің жалпы құнының 1 500 еселенген мөлшердегі айлық есептік көрсеткіші шегінде мүлік салығын төлеуші болып табылмайды.

Мүгедектер мыналар бойынша:

тұрғын-үй қоры, оның iшiнде, оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер учаскелерi;

үй маңындағы жер учаскелерi;

құрылыс алып жатқан жердi қоса алғанда, жеке (қосалқы) үй шаруашылығын жүргiзу, бағбандық және саяжай құрылысы үшiн берiлген жер учаскелерi;

гараждар орналасқан жер учаскелерi бойынша жер салығын төлеуші болып табылмайды.

18. Жеке тұлалардың жергілікті салық бойынша берешегін қалай тексеруге болады?

- Салық берешегін, оның ішінде көлік құралына салығы бойынша берешектің бар жоғын Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында «Электронды қызмет» - «Салықтық берешектің жоқ (бар) екені туралы мәлімет» бөлімінде ЖСН енгізу арқылы, сондай-ақ «Электронды үкімет» порталында не жергілікті жері бойынша МКБ тексеруге болады.

19. Мемлекеттік кірістер органы мүлік және көлік құралы бойынша деректер қорын өзектендіру үшін қандай іс-шаралар жүргізуде?

- Қазіргі уақытта мемлекеттік кірістер органдары уәкілетті органдармен деректер қорын өзектендіруді жүргізуде. Меншік иелері туралы мәліметтер нақтылануда, сондай-ақ осындай мәліметтерге талдау жасалуда. ҚР ІІМ, ҚР ӘМ, ҚР АШМ КУЗР, «Азаматарға арналған үкімет» КЕАҚ ақпараттық жүйелерімен өзара онлайн іс-қимыл 2019 жылғы 4-тоқсанға жоспарлануда. Бұл шара салық төлеушілерден келіп түсетін өтініштерді қысқаруға, сондай-ақ салық сомасын дұрыс есептеуге мүмкіндік береді.

20. Салық рақымшылығы жеке тұлғалардың мүлік салығы, жер және көлік салығы бойынша берешектеріне әсер етеді ме?

- Иә, таратылады. Бұл ретте алдыңғы кезең ішінде жеке тұлғада қалыптасқан салық міндеттемелері бойынша 2019 жылғы 31 желтоқсанға (қоса алғанда) дейінгі мерзімде қарыздың негізгі сомасын төлеген жағдайда айыппұлдар мен өсімпұлдар сомасы рақымшылыққа жатады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT