USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Кірістер комитеті: Сыртқы экономикалық қызмет тауарлары номенклатурасының кодтары жаңартылды

2022 жылғы 14 қаңтар 17:47
Бөлісіңіз:
Кірістер комитеті:  Сыртқы экономикалық қызмет тауарлары номенклатурасының кодтары жаңартылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 13 қаңтарда «Электронды шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлар номенклатурасы кодтарының сабақтастығы тетіктерін пысықтау бөлігінде жүйені жаңарту жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәлімдеуінше, бірінші бастапқы тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу кезіндегі Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлар номенклатурасы (СЭҚ ТН) кодтарының сабақтастығы сақталады.

«Егер тауарды жөнелту күніне сыртқы экономикалық қызметтің тауарлар номенклатурасы коды белсенді болмаса және мұрагері болса, сыртқы экономикалық қызметтің тауарлар номенклатурасы кодын өзгерту мүмкіндігі қосылды. Бұл жағдайда жүйе автоматты түрде сыртқы экономикалық қызметтің тауарлар номенклатурасы кодын Виртуалды қойманың жаһандық анықтамалығынан мұрагерге ауыстырады.

Егер бастапқы тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу кезінде тауарды тиеп-жөнелту күніне сыртқы экономикалық қызметтің тауарлар номенклатурасы коды белсенді болмаса және мұрагері болмаса, жүйе қолданыстағы сыртқы экономикалық қызметтің тауарлар номенклатурасыныңбасқа кодын көрсетуге рұқсат береді», делінген хабарламада.

Комитеттің мәліметінше, бұл ретте сыртқы экономикалық қызметтің тауарлар номенклатурасы кодының тауарларға ілеспе жүкқұжаттар негізіндегі «Электронды шот-фактуралар» тауарларға ілеспе жүкқұжаттарда көрсетілген кодқа сәйкес келуі тиіс.

«13 қаңтардан бастап тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу кезінде тауарды тиеп-жөнелту күніне қолданылатын сыртқы экономикалық қызметтің тауарлар номенклатурасы кодтарын пайдалану қажет.

Импортқа/экспортқа тауарларға ілеспе жүкқұжаттарда, егер тиеп-жөнелту күні толтырылмаса, жазып беру күніне қолданылатын сыртқы экономикалық қызметтің тауарлар номенклатурасы кодтарын пайдалану қажет», делінген хабарламада.

Сонымен қатар, сыртқы экономикалық қызметтің тауарлар номенклатурасы кодының тауарларға ілеспе жүкқұжаттар негізіндегі ЭШФ-да тауарларға ілеспе жүкқұжаттарына сәйкестігі тексеріледі.

Екінші, тауарларға ілеспе жүкқұжаттарсыз негізгі ЭШФ жазып беру кезіндегі Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлар номенклатурасы кодтарының сабақтастығы сақталады.

«Егер айналым жасалған күні негізгі ЭШФ жазып берген кезде Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлар номенклатурасы (СЭҚ ТН)коды белсенді болмаса және оның мұрагері БОЛМАСА, СЭҚ ТН кодын өзгерту мүмкіндігі қосылды. Бұл жағдайда жүйе автоматты түрде СЭҚ ТН кодын Виртуалды қойманың жаһандықанықтамалығынан мұрагерге ауыстырады.

Егер айналым жасалған күні негізгі ЭШФ жазып берген кезде СЭҚ ТН коды белсенді болмаса және мұрагері болмаса, жүйе қолданыстағы СЭҚ ТН басқа кодын көрсетуге рұқсат береді», делінген хабарламада.

Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарсыз ЭШФ жазып берген кезде айналым жасалған күні қолданыста болған СЭҚ ТН кодтарын пайдалану қажет.

Сонымен қатар, API бойынша жұмыс істеу кезінде:

Xml файлын импорттау кезінде жүйе Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлар номенклатурасы (СЭҚ ТН) кодының сабақтастығын тексереді.

Егер Виртуалды қойманың жаһандық анықтамалығында Виртуалды қоймадағы тауардың Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлар номенклатурасы коды «белсенді емес» мәртебесіне ие болса және белсенді мұрагері болса, онда мұрагер кодын пайдалану қажет.

Егер Виртуалды қоймадағы тауардың Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлар номенклатурасы коды Виртуалды қойманың жаһандық анықтамалығында «белсенді емес» мәртебесіне ие болса және белсенді мұрагері БОЛМАСА, қолданыстағы Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлар номенклатурасы коды басқа кодын пайдалануға болады.

Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды қайтаруға, түзетілген, қосымша ЭШФ ресімдеу кезіндегі Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлар номенклатурасы кодтарының сабақтастық тетігі жүйеде 2021 жылғы 10 желтоқсаннан бастап іске асырылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT