Кірістер бойынша жоспар барлық өңірлерде асыра орындалды - министр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бюджетке кірістер бойынша жоспарлар барлық өңірлерде асыра орындалды. Бұл туралы Үкімет отырысында биылғы жеті айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуды талқылау кезінде Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Салықтық емес түсімдер бойынша жоспарды асыра орындау негізінен мемлекеттік органдар салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар және өндіріп алулар бойынша қамтамасыз етілген. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша жоспар негізінен аукцион өткізу жолымен мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сату есебінен асыра орындалды», - деді Е. Жамаубаев.

Оның айтуынша, жергілікті бюджеттердің кірістері 116,8%-ға атқарылды және 2 трлн 191 млрд теңгені құрады. Жоспар 315 млрд теңгеге, оның ішінде салықтар бойынша – 264 млрд теңгеге асыра орындалды.

«Кірістер бойынша жоспарлар барлық өңірлерде асыра орындалды», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар