Кипр президентінің ұшағы әйнегіндегі жарыққа байланысты Нью-Йоркке қайтып келді

None
None
НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат - Кипр президентінің ұшағы әйнегіндегі жарыққа байланысты Нью-Йорктегі әуежайға қайтып келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кипрдің ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Кипр президенті Никос Анастасиадистің ұшағы АҚШ-тан Лондонға бет алған. Ол сенбіден жексенбіге қараған түні кабинаның алдыңғы терезесіндегі жарыққа байланысты Нью-Йоркке қайтып келді.

«Ұшақ Нью-Йорктегі Джон Фицджеральд Кеннеди атындағы әуежайдан сенбі түстен кейін аттанған. Атлант мұхитының үстінде үш сағат жүріп өткен соң ғана пилот ақауды байқап, қауіпсіздік үшін кері оралу жөнінде шешім қабылдаған», делінген хабарламада.

Бортта президент, оның жұбайы Андри Анастасиадис, Кипр Сыртқы істер министрі Никос Христодулидис, министр дәрежесіндегі Кипр үкіметінің ресми өкілі Продромос Продрому және басұа да кипрлік делегация өкілдері болған.

Енді ұшақ АҚШ-тан жексенбі аттануы керек.

Анастасиадис өткен аптада Нью-Йоркте БҰҰ Бас ассамблеясының 74-сессиясына қатысты.

Соңғы жаңалықтар