Кипр Қазақстанмен арада бірқатар құжаттарды бекітуге мүдделі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Кипр Республикасының Сыртқы істер министрі Никос Христодулидистің Қазақстанға сапары барысында бірқатар құжаттарға қол қойылады. Бұл туралы елордада өткен брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«14-16 мамыр аралығында Кипр Республикасының Сыртқы істер министрі Никос Христодулидистің Қазақстанға ресми сапары өтеді. Сапар барысында оның Қазақстан Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің басшылығы, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смайыловпен, Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов және «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетовпен кездесулері жоспарлануда», - деді ресми өкіл.

Тараптар саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және инвестициялық салалардағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін және көпжақты дипломатия аспектілерін талқылайды.

«Сонымен қатар, сапар барысында Қазақстан мен Кипр үкіметтері арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға, сондай-ақ Қазақстан мен Кипр Сыртқы істер министрліктері арасындағы Ынтымақтастық және екіжақты саяси консультациялар жөніндегі өзара түсіністік меморандумына қол қойылуы жоспарланған», - деді А. Смадияров.

Соңғы жаңалықтар