Киокушинкай-кан каратэден ел чемпионатының жеңімпаздары анықталды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат  -  Таразда ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен киокушинкай-кан каратэден ел чемпионаты мәреге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттық республикалық киокушинкай-кан федерациясы БҚО филиалының директоры Солонго Исханның айтуынша, айтулы додаға 300-ден астам спортшы қатысып, ел құрамасына ілігу үшін сынға түсті.

Барлық өңірден келген спортшылар кумитэ, ката және алғаш рет 12 жастағылар және одан жоғары жастағылар арасында командалық катадан бәсекеге шықты.

null  Он сегіз жастан жоғарылар арасында кумитэден жалпыкомандалық есепте Астана құрамасы үздік атанса, БҚО - екінші, Қарағанды облысының өкілдері үшінші орынға ие болды.

БҚО-дан 25 спортшы қатысса, соның 13-і жүлделі орындарға ілікті. Атап айтқанда, Алина Нұғманова, Рустам Файзулла, Нұргүл Сапарова чемпиондық атақты жеңіп алды. Арзу Төлемесов, Эльнара Тоғызбаева, Әлихан Құбаев екінші, Арсен Нағымов, Айназ Мәшенова, Гүлзия Өмірзақова, Ділнәз Шалабаева, Исламбек Ақберлин, Шайнұр Садықов, Азат Қапанов үшінші орынға көтерілді.null

«Ендігі мақсатымыз - ел намысын абыроймен қорғау. 6-10 желтоқсан күндері Болгарияның Варна қаласында бүкіл киокушинкай каратэ ұйымдарының біріккен ұйымы KWU бойынша өтетін жастар арасындағы әлем чемпионатына Нұргүл Сапарова қатысады. Ал Эльнара Тоғызбаева ұлттық құраманың мүшесі ретінде ересектер арасындағы Еуропа чемпионатына барады», - деді ҚазАқпарат тілшісіне С.Исхан.

Айта кетейік, еліміздің түкпір-түкпірінен келген 7-11 жастағы спортшылар 18 салмақ және жас дәрежесіне қарай күш сынасты. Мұнда БҚО құрамасы 8 алтын, 5 күміс және 4 қола жүлдемен командалық есепте жеңіс тұғырына көтерілді.

Соңғы жаңалықтар