+7 (701) 759 90 19
USD 432.64 EUR 505.02
RUB 5.47 CNY 64.7
Jańalyqtar

Кинотеатрларға автоматтандырылған «бірыңғай кинобилет» жүйесі қашан енгізіледі

2020 жылғы 24 қаңтар 16:50
Бөлісіңіз:
Кинотеатрларға автоматтандырылған «бірыңғай кинобилет» жүйесі қашан енгізіледі

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Биыл қазақстандық кинотеатрларға автоматтандырылған «бірыңғай кинобилет» жүйесін енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Ұлттық киноны қолдау орталығының басшысы Гүлнәр Сәрсенова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Бағдат Мусин меморгандардың ақпараттық жүйесінен кемшілік тапқандарға сыйақы беруді ұсынды Қазақстанда инжиниринг және цифрлық трансформация орталығы құрылады ҚР Премьер-Министрі Цифрландыру жөніндегі комиссияның отырысын өткізді

«Биыл біз фильмдерге мониторинг жүргізетін бірыңғай автоматтандырылған жүйені, яғни «бірыңғай кинобилет» енгіземіз. Бұл жүйе көптеген елдерде жұмыс істейді. Әрине, қазір көптеген кинотеатрлар наразылықтарын білдіреді, бірақ соған қарамастан іске қосамыз. Бұған мен уәде беремін, өйтпесек құрдымға кетеміз», – деді Гүлнәр Сәрсенова.

Оның айтуынша, егер мұндай жүйе Қазақстанда енгізілмесе, онда кинотеатрлар құлдырауға ұшырап, он жылға артта қалатын болады.

«Жүйе қажет. Кинематографияның ашықтығы, инвесторлар үшін керек. Қазір Қазақстандағы фильмдердің тек 20% ғана мемлекет ақшасымен қалған 80% жеке инвестиция тарту арқылы түсіріледі. Киноға қаржы салғысы келетін көптеген кәсіпкерлер кино нарығының ашықтығына назар аударады. Ешкім оларды алдамайтынына көз жеткізулері тиіс. Бір жағынан бізде фильмдерден түсетін табыс өсіп жатыр. Қазір елімізде осы кино саласынан түскен қаражат 20 млрд теңгеге жетті және ол әрі қарай өсе береді», - деп қортындылады Гүлнәр Сәрсенова.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT