Кинотеатрға ғана соғылатын көліктер: Жүргізуші тағы мас болуы мүмкін

None
None
АЛМАТЫ. Қазақпарат - Алматыда «Целинный» кинотеатрына тағы бір көлік соғылды, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

Қабанбай батыр көшесінен батысқа бағыт алған Toyota Camry көшенің тұйықталған жерінен  Масанчи көшесіне бұрылыста,  қоршауды қиратып барып ғимаратқа соғылды.

Жол апатынан жолаушы қыз зардап шекті.
Оқиғаға куә болғандардың айтуынша,  көлік жүргізушісі мас болған. Полиция қызметкерлері оны медициналық тексеруге алып кетті.
null

Қазір «Целинный» кинотеатры жұмыс істемейді. Ғимаратта асхана мен фотосалон орналасқан.

Еске сала кетейік, осыдан бір апта бұрын тағы бір көлік осы ғимаратқа соғылған болатын. Оның да жүргізушісі мас болған еді. 

Соңғы жаңалықтар