+7 (701) 759 90 19
USD 387.14 EUR 428.18
RUB 6.06 CNY 55.23
Jańalyqtar

Кинотеатрдағы отандық кинолар Голливуд фильмдерін қуып жетті - Нұрлан Қоянбаев

2019 жылғы 11 қыркүйек 11:51
Бөлісіңіз:
Кинотеатрдағы отандық кинолар Голливуд фильмдерін қуып жетті - Нұрлан Қоянбаев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық кинопродюсер Нұрлан Қоянбаев Astana Media Week апталығында қазақстандық кинотуындыларды көрсету жөнінде баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кино саласында жұмыс істеп жатқанымызға 4 жыл болған жоқ, бұл аралықта кішігірім 3 кино түсірдік. Қазақстандық көрерменнің отандық киноға деген қызығушылығы өсіп жатыр. Соңғы екі жылда қазақстандық кинолар көру жағынан Голливуд киноларын қуып жетті деп айтуға болады. Қазақстан кинотеатрларынан көрсетілген үздік 5 киноның қатарына 2 қазақстандық кино енді. «Бизнес по казахский» фильмінің кассалық түсімі 2 млн доллар табыс тапты. Оны ең үздік деп отырған жоқпын. Бірақ, бұл - кинотеатр түсіміндегі қазақстандық киноның жеңісі», - деді Н. Қоянбаев «Қазақстандағы кино мен сериалды дамыту» панельдік сессиясында.

Сонымен бірге, продюсер Үкімет тарапынан өнер мен киноны қолдаудың маңыздылығын атап өтті.

«Бизнес по казахский» фильмінің кезекті шығарылымын Кореяда түсіріп келдік. Ондағы әріптестермен сөйлескенде, Корея мемлекеті әлі күнге дейін жеке компанияларға көмектесіп жатқанын айтты. Нәтижесін де көріп отырсыздар, Оңтүстік Кореяның телехикаясы, киносы, мәдениеті бүкіл әлемге таралды», - деді ол.

Айта кетейік, елордадағы «Қазмедиа» орталығында үш күнге созылатын Орталық Азиядағы ең ірі медиа-оқиға — Astana Media Week басталды.

Онда Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев отандық сериал өндірушілерге салық жеңілдігі туралы айтты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Мәдениет, БАҚ, Өнер, Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT