Кинологиялық орталық басшысы мен орынбасары қамауға алынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Кинологиялық орталығы басшылары жемқорлық бойынша күдіктелуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы қаласының прокуратурасымен бірлесіп пара алу күдігі бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің «Кинологиялық орталығы» РММ басшысы мен оның орынбасарын әшкереледі.
«Олар бағынышты қызметкерлерінен қызмет бойынша жалпы қамқорлықтары үшін жүйелі түрде 2 миллион 182 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін күдікке ілінген.
28 желтоқсанда Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдіктілерге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді», делінген хабарламада.

Агенттік баспасөз қызметінің мәлімеінше, қазір сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Күдіктілердің кінәсінің деңгейі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.



Соңғы жаңалықтар