Кино түсіру алаңында жұмыс істеген 12 аудармашы америкалықтармен еріп кетіп қалды - Гүлнар Сәрсенова

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Кино түсіру алаңында жұмыс істеген 12 аудармашы америкалықтармен еріп кетіп қалған. Бұл туралы «Ұлттық киноны қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының қызметіне арналған баспасөз конференциясында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз мән беретін бесінші бағыт - білім. Кинематография саласында жұмыс істейтіндердің біліктілігін арттыру керек. Кино - жоғары технологияны қолданатын, қымбат тұратын процесс. Фильм түсіруге актерлерлі қосқанда 100-200 аралығында адам еңбек етеді. Қазақстандық фильмдерді де арнайы оқу орнында білім алған, өз ісінің маманы түсіруі керек», - дейді «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының» басқарма төрайымы Гүлнар Сәрсенова.

Ол егер біз басқа да мемлекеттер үшін кино алаңы ретінде ашық болсақ, ағылшын тілін меңгеруіміз керек екенін айтты.

«7-8 жыл бұрын елімізде «Марко Поло» фильмі түсірілді. Қазақстандық топ 15 адамнан тұрды. Кино түсіру алаңында 12 аудармашы болды. Кейін сол 12 аудармашы америкалықтармен кетіп қалды. Олар осы саланы жақсы көріп қалған және тіл білетіндерін пайдаланып шетелдіктермен жұмыс істеп көруге шешім қабылдаған. Біздің орталық ағылшын тілінде кино тілін үйрететін курс ашты. Біздің актерлер де ағылшын тілін меңгеруі керек. Ағылшын тілін білмеу - олардың жолын жабады», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар