Кинематография саласындағы қаражаттың 70 пайызы тарихи, патриоттық картиналарға бағытталмақ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда кинематография саласына бөлінетін қаражаттың 70 пайызы тарихи, патриоттық картиналарға бағытталмақ. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2021 жылы кинематография саласында жыл сайынғы мемлекеттік қаржыландырудың жалпы көлемінің 70%-ын тарихи, патриоттық және имидждік картиналарға, ал қалған 30%-ы мөлшеріндегі қаражатты жеке киножобаларды және жас таланттардың дебюттік фильмдерін қаржыландыруға бағыттау көзделген. Осы арқылы киноөндіріс саласында жаңа бюджеттік саясатты іске асыру жөніндегі жұмысты жандандырылады», - деді Ақтоты Райымқұлова министрліктің алқа мәжілісінде.

Оның айтуынша кино өндірісіне жыл сайын бөлінетін мемлекеттік қаражаттың күрделі қойылымды тарихи фильмдер шығару үшін кемінде 50%-ын «Қазақфильм» киностудиясына жіберуге мүмкіндік беретін норманы заңнамалық деңгейде көздеу қажет. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында жақын арада Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ модернизациясын сапалы жүзеге асыру керек.


Соңғы жаңалықтар