Кінәлілер жазаланатын болады – Экология министрі Алакөлге лай су ағызу дерегі жайлы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Алакөлге қонақүйлердің бірінен лай су ағызу дерегіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы министр Twitter-дегі парақшасында жазды.
«Министрлік мамандарынан құралған комиссия Алакөлде қонақ үйлердің бірі бассейннен көлге су ағызғанын анықтады. Бұл мүлдем орынсыз жағдай деп санаймын. Оқиға егжей-тегжейлі зерттеліп, кінәлілер жазаланатын болады. Толық ақпарат жарияланады» делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желі пайдаланушылары Алакөлге құбыр арқылы лай су ағызылып жатқанын айтып дабыл қаққан болатын.
Бейнежазбағы мәліметке сәйкес, көлге төгіліп жатқан судың жағымсыз иісі бар.
Артынша Алакөл ауданының әкімдігі бұл мәселеге орай арнайы комиссия құрылғанын жеткізді.
- Ғалымдар Каспий итбалықтарына микрочип тағып, спутник арқылы бақылауда
- Қазақстанның төрт қаласында ауа сапасы нашарлайды
- Қазақстанның төрт қаласында ауа сапасы нашарлайды
- Жоңғар-Алатау ұлттық саябағында ілбіс камераға ілікті
-
Биыл орман өрттерінен 560 млн теңге шығын келді - министрлік
-
Қазақстанның төрт қаласында ауа сапасы нашарлайды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам