КИМЭП университеті мен AХБ өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Бүгін КИМЭП университеті мен Астана Халықаралық Биржасы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әріптестік туралы келісімшарт мақсаты - Қазақстан мен Орталық Азияда экономикалық дамуды нығайту, әсіресе «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында инвестициялар, қаржы, жасыл және тұрақты қаржы, капитал нарығы салаларына ерекше көңіл бөлу.

Аталмыш әріптестік шеңберінде КИМЭП студенттері мен қызметкерлері оқу семинарларына қатысады, практикадан өтеді. Солай, өздерінің қаржылық сауаттылығын арттыру мүмкіндігіне ие болады.

КИМЭП-тің жаңа әріптесі Tabys мобильдік қосымшасын қоса алғандағы капитал нарығын қаржыландыру шешімдері мен бөлшек сауда нарығында инвестициялық шешімдері жөнінде жаңа білім платформасын ұсынады. Астана Халықаралық биржасы мен бірге КИМЭП және AХБ қолданушылары үшін ортақ аналитикалық орталық құруды меңзеп отыр.

Астана Халықаралық биржасы Қазақстан және Орталық Азия аймағында капитал нарығының қоғамдық капитал мен қарызы саласын дамыту мақсатымен Астана халықаралық қаржылық орталығының (АХҚО) бір бөлігі ретінде 2017 жылы ашылды. Ұйым ағылшын жалпы құқығының негізінде құрылған және Қазақстан аумағында жеке конституциялық юрисдикциясымен АХҚО-ның нормативті-құқықтық базасы шеңберінде әрекет етеді. Биржа қызметі АХҚО шеңберінде тәуелсіз реттеуші орган болып саналатын Астана қаласының қаржылық қызметтерді реттеу басқармасымен қадағаланады. АХБ 20-дан астам жергілікті және халықаралық сауда бар экожүйесіндегі Т+2 есеп айырысу арқылы стандартты сауда жүйесін қолданады. АХҚО, Goldman Sachs, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы қоры мен өзінің сауда платфрмасын ұсынатын NASDAQ АХБ акционерлері болып табылады.


Соңғы жаңалықтар