«Кімасар» шатқалының туристік орындарына кіру ақылы болды

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Кімасар» бақылап өткізу пункты ашылды. Ол Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Медеу филиалы Кіші-Алматы орманшылығы «Кімасар» шатқалында ораналасқан. Бақылап өткізу бекетінен өту ақылы, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің мәліметінше, бекеттен жоғары жол бойында демалыс орындары, яғни үстелдер, орындықтар орнатылған.

Бақылау пунктінен шамамен 1 шақырым жерде автокөлік тұрағы бар, одан ары жаяу жүргіншілер жолы басталады. Ол Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Медеу филиалы Кіші-Алматы орманшылығы «Кімасар» шатқалында ораналасқан. «Кімасар» арқылы Бутаковка шатқалына өтуге болады, сонымен қатар кіші Кімасар сарқырамасына, Фурманов-Панорама, Шымбұлақ, Бушата шыңдарына көтеріле аласыз.

«Осы жылдың 27 қаңтарынан бастап бақылап өткізу бекетінен өту ақылы, құны 545 теңге. Оның ішінде 345 теңге ерекше қорғалатын табиғи аумақты пайдаланғаны үшін салық аударымы болып саналады. 200 теңге мөлшерінде сома ұлттық парк аумағын санитарлық тазарту және абаттандыру бойынша қызмет көрсеткені үшін алынады»,- деліген Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті таратқан хабарламада.

Аталған бекеттен өту зейнеткерлер мен ардагерлерге тегін.


Соңғы жаңалықтар