Кім жеңгенін анық білемін – Деревянченконың промоутері

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Украиналық кәсіпқой боксшы Сергей Деревянченконың промоутері Лу ДиБелла оның Геннадий Головкинді жеңгеніне сенімді екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

«Головкин – ұлы боксшылардың бірі, ол маған ұнайды, бірақ оның өзі де кеше дұрыс бокстаса алмағанын біледі. Ол жеңе алмағанын біледі, мен бұған сенімдімін. Бұл жерде үнемі адамдардың жеке пікірі шешеді, адамдар қателеседі, бірақ мен кім жеңгенін анық білемін», - деді ДиБелла.

Еске сала кетейік, төрешілердің шешімімен, Головкин – Деревянченко жекпе-жегі қазақстандықтың жеңісімен аяқталған болатын. Осылайша, Геннадий Головкин IBF және IBO тұжырымдарының белдігін қайтарып алды.

Еске салсақ, Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) украиналық Сергей Деревянченкомен (13-1, 10 КО) жекпе-жек өткізіп, ұпай санымен басым түскен еді.

Соңғы жаңалықтар