Ким Серікбаев: Жеңіс - жастарды патриоттық рухта тәрбиелеудің жарқын үлгісі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Ұлттық кітапханада Екінші дүниежүлік соғыстың 75 жылдығына арналған «Ұлы Жеңіс-ұрпаққа аманат» атты мерейтойлық шара өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Салтанатты шараға Ардагерлер одағы, Алматы қаласының дипломатиялық корпусы, халықаралық ұйымдар, мәдени ошақтардың қызметкерлері, ҚР Жазушылар және Журналистер одағының мүшелері, ЖОО оқытушылары мен студенттер қатысты.

Кеш барысында белгілі қоғам және мемлекет қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері сөз сөйледі.

« Бүгін Жеңіске 75 күн қалды. Мен соғысқа қатысқан жоқпын. Бірақ бұл сұрапыл соғысты жақсы білемін. Себебі, 1941 жылы мен мектепке бардым. Екінші сыныпта хат таныдым. «Красная звезда», «Социалистік Қазақстан» газетінен майдангерлер туралы оқыдым, әсіресе қазақстандық жауынгерлер туралы білдім. Мен мынаны айтқым келеді. Біз жастар арасында осы Жеңістің мән-мағынасы жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізуіміз керек. Бұл Жеңіс - жастарды патриоттық рухта тәрбиелеудің жарқын үлгісі. Жастарымыз жауға атой салған батырларымызға қарап, солардың ерлік істеріне қарап бой түзейді»,- дейді профессор Ким Серікбаев.

Сондай-ақ, кеште ҚР Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Алматы филиалының әскери оркестрі, И.В.Панфилов атындағы Қазақстан-Ресей мамандандырылған №54 мектеп-лицейі жанындағы «Жұлдыздар» вокалды ансамблі, «Дивертисмент» скрипкашылар ансамблі, «Славян базары» конкурсының гран-при иегері Әділхан Макин өнер көрсетті.


Салтанатты шара аясында Ұлттық кітапхана қорының «Ұлы Жеңіске – 75 жыл» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, кітапханада майдангерлер ерлігін баяндайтын фильмдерді көрсетудің онкүндігі ашылды.


Соңғы жаңалықтар