Килиан Мбаппе Францияда жылдың үздік спортшысы атанды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «ПСЖ» клубының шабуылшысы Килиан Мбаппе 2022 жылдың қорытындысы бойынша Францияның үздік спортшысы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сhampionat.com сайтынан алынған мәліметке қарағанда, Мбаппе L’Equipe жүргізген сауалнамаға сәйкес озық шықты.

Франция құрамасының шабуылшысы К.Мбаппе 832 балл жинады. «Реал» клубының шабуылшысы Карим Бензема екінші орында (484 балл).

Алғашқы ондыққа мына спортшылар енді:

1. Килиан Мбаппе (футбол, 832 балл)

2. Карим Бензема (футбол, 484)

3. Кентен Фийон-Майе (биатлон, 403)

4. Антуан Дюпон (регби, 389)

5. Леон Маршан (жүзу, 358)

6. Кевин Майер (жеңіл атлетика, 169)

7. Клеман Ноэль (тау шаңғысы, 126)

8. Гийом Сизерон (мәнерлеп сырғанау, 75)

9. Ромен Каннон (фехтование, 52)

10. Шарль Кодрелье (желкен спорты, 50)

L’Équipe басылымының үздік спортшыға сыйлығы Франция үшін 1946 жылдан, бүкіл әлем үшін 1975 жылдан белгіленген.

Рейтинг дауыс беру қорытындысы бойынша анықталады. Әр басылым журналисі үміткерлер тізімінен бес таңдаулы спортшыны таңдайды. Бірінші орынға – алты, екіншіге – төрт, үшіншіге – үш, төртіншіге – екі, бесіншіге бір ұпайдан беріледі.

2012 жылдан бері Франция мен әлемнің үздік спортшысына сыйлық жеке-жеке беріледі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Мессидің 2022 жылдың қорытындысы бойынша чемпиондардың чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.


ФОТО: FRANCOIS NEL /GETTY IMAGES

Соңғы жаңалықтар