Килиан Мбаппе әлем чемпионаттарында 9 гол соққан алғашқы жас ойыншы атанды

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе әлем чемпионаттарында 9 гол соққан бірінші жас ойыншы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұдан төрт жыл бұрын Ресейде өткен чемпионатта К.Мбаппе қарсыластар қақпасына 4 гол соғып, Франция жеңімпаз болған біріншілік соңында «Ең үздік жас ойыншы» атанған еді.

К.Мбаппенің биылғы қарқыны одан да жоғары. Топтық бәсекеде ол үш голдың авторы атанса, бүгін Польша қақпасына тағы екі доп енгізді.

Осылайша, К.Мбаппе 24 жасқа жетпей-ақ әлем чемпионаттарында 9 гол соққан алғашқы ойыншы атанды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Месси бастаған Аргентинаның ширек финалға шыққанын жазған болатынбыз.

Месси «Үздік ойыншы» атағын сегізінші рет жеңіп алып, рекорд орнатты.

Оливье Жиру Франция құрамасының үздік мерген ойыншысы атанды. Сондай-ақ бүгін Польшаны ұтқан Франция ширек финалға жолдама алды.


Соңғы жаңалықтар