+7 (701) 759 90 19
USD 428.68 EUR 507.21
RUB 5.57 CNY 64.2
Jańalyqtar

Kiki Challenge флешмобы: Жүргізуші 6 айға куәлігінен айырылады

2018 жылғы 17 тамыз 08:17
Бөлісіңіз:
Kiki Challenge флешмобы: Жүргізуші 6 айға куәлігінен айырылады

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда «Kiki Challenge» флешмобы белең алған. Оған қатысушылар жүріп келе жатқан автокөлік салонынан секіріп түсіп, әннің ырғағына билей бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мұндай жағдайлар күннен күнге артып келеді. Оны әлеуметтік желілерден байқауға болады. Флешмоб қатысушылары жолдың ортасында тоқтап, жол ережесін бұзып қана қоймай, өзінің де, өзгенің де басын қауіпке тігеді.Осыған байланысты, Атырау облысының ІІД мұндай тәртіп бұзушылықтар бойынша ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің бірнеше бабына сәйкес, әкімшілік жауапкершілікке тарту ісі қарастырылғанын ескертеді», -делінген баспасөз хабарламасында.

Полицейлер флешмобқа байланысты тәртіп бұзған азаматтар айыппұл төлейтінін немесе үш тәулікке қамауға алынатынын ескертеді. Сондай-ақ, олар 6 айға дейін жүргізуші куәлігінен айырылатын болады.

Еске сала кетейік, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінде Kiki Challenge флешмобына қатысты пікір білдірген еді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Біржанқызы Сабина

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT