Киікті заңсыз аулағандар 10 жылға дейін бостандығынан айырылады – министрлік
Рейд барысында киіктерді заңсыз аулау фактілерін анықтау және алдын алу бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Табиғатты қорғауға бағытталған кең ауқымды акция жылына екі рет өткізіледі – киіктердің күйлеу кезеңінде, яғни 1 желтоқсаннан 31 желтоқсанға дейін және олардың төлдеу кезеңінде – 15 сәуір-15 мамыр аралығында.
«Киік акциясына «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК-ның 224 инспекторы, сонымен қатар ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық бөлімшелері мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінен тұратын мобильді топтар қатысады.
Еске салайық, киіктерді заңсыз аулау, сатып алу, сақтау, өткізу, тасымалдау үшін мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасы қарастырылған», - делінген министрлік хабарламасында.