Киікті қорғаған инспекторларға шабуыл: Полиция қылмыстық іс қозғады

None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында «Охотзоопром «ӨБ» РМҚК Орталық өңірлік филиалының инспекторларына шабуыл әрекеті бойынша ҚР ҚК 99 бабының 1 бөлігі негізінде қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазіргі кезде арнайы құрылған жедел-тергеу тобы күдіктілерді ұстау бойынша кешенді шаралар жүргізуде. Күдіктілерді ұстауға Жарқайың, Есіл және Жақсы аудандарының полиция бөлімінің жеке құрамы тартылды. Патрульдік қызмет нарядынан күдіктілердің көлігіне тұспалдау берілді. Жарқайың және көрші аудандардың аумағында 10 блок бекет қойылды», дейді ведомство өкілдері.

Айта кетейік, осыған дейін хабарлағанымыздай, 23 шілдеде шамамен сағат 11.00-де «Охотзоопром «ӨБ» РМҚК Орталық өңірлік филиалының инспекторлары Ақмола облысы Жарқайың ауданында табиғатты қорғау заңнамасын бұзғандардың алдын алу шарасын жүргізген және киік ату фактісін анықтаған. Заң бұзушылардың ізіне түскен екі инспекторға қарсы оқ атылған. Соның салдарынан 1976 жылғы инспектор көз жұмса , 1975 жылғы әріптесі жараланып, Жарқайың аудандық аурханаға жатқызылды.

«Жедел-іздестіру шарасы одан әрі жалғасуда», деп толықтырды Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіндегілер.

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы оқиғаға байланысты браконьерлердің қолынан қаза тапқан азаматтың отбасына көңіл айтты. Ал ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев браконьерлер қолынан мерт болған инспектордың отбасына көңіл айтып, оның отбасына барлық қажетті көмектің көрсетілетіндігін жеткізді." көңіл айтты.

Ал ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев браконьерлер қолынан мерт болған инспектордың отбасына көңіл айтып, оның отбасына барлық қажетті көмектің көрсетілетіндігін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар