Киіктерді көлігімен соғып өлтірген қостанайлық ұсталды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Киіктерді заңсыз аулаудың жиілеуіне байланысты Қостанай облысының полиция департаменті жедел әрекет ету топтарын құрды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ирина Беженарьдің сөзінше, мобильді топ құрамына енген тәжірибелі қызметкерлер жануарлардың қауіпсіздігіне жауап береді және оларға қастандық жасау фактілерінің алдын алады. Сондай деректердің бірі Науырзым ауданында болған.

«ВАЗ-2121» көлігін мінген Қостанай қаласының тұрғыны «Қызыл кітапқа» енген екі киікті соғып өлтірген. Көлік ішінде тағы бір жолаушының болғаны анықталды. Олар бір жануардың терісін көліктің жүксалғышына тиеп, жасыруға тырысқан. Алайда, олар бөгде көліктерден қорқып, киік терісін лақтырып тастаған», – деді Ирина Беженарь.

Күдіктілерді ұстау жоспары жасалып, оған жедел топ қызметкерлері жұмылдырылды. Екі сағат ішінде оқиға орнынан 3 0шақырым аумақта «ВАЗ-2121» көлігін мінгендер ұсталды. Олар 35 жастағы Қостанай қаласы мен Науырзым ауданының тұрғындары болып шықты.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК 337-бабы (заңсыз аң аулау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар