Киік аулауға қатысты жеке қылмыстық бап енгізілуі мүмкін

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қылмыстық заңнамаға киік аулауға қатысты жеке бап енуі мүмкін. Бұл туралы ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов айтты.

«Барконьерлік қылмыстың барлық құрамы бойынша браконьердің қаруы мен көлігін, мүлкін тәркілеу шарасы енгізіледі. Заңсыз аңшылық, заңсыз балық аулау «теріс қылық» санатынан «орташа ауыр қылмыс» санатына көшірілуі тиіс. Тіпті жалғыз рет браконьерлік жасағандар табиғатқа шығын келтірмеді деген күннің өзінде, Қызыл кітаптағы жануарлар зардап шекпесе де бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Қолданыстағы заңнамада мұндай қылмыс үшін 40 тәулікке қамау шарасы қарастырылған», - деген Бас прокуратура өкілі қорықшыға қол көтеру полиция қызметкеріне шабуыл жасау қылмысымен теңестірілу керектігін айтты.

«Жүйелі түрде барконьерлікпен айналысудың жауапкершілігі күшейтіледі. Сирек кездесетін аңдар мен балықтар аулау «ауыр қылмыс» сатнатына өтеді. Яғни, 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында браконьерлік жасағаны үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Заңсыз киік аулау және қыру, мүйіз саудасы үшін жеке қылмыстық құрам қарастырылмақ. Ал мемлекеттік инспекторға күш қолдану, өміріне қол сұғу әрекеті құқық қорғау қызметкеріне шабуыл жасау әрекетімен теңестіріледі», - деді Марат Ахметжанов.



Соңғы жаңалықтар