Валюта бағамдары:
    usd/kzt 478.01 eur/kzt 488.81

    rub/kzt 7.91 cny/kzt 70.76
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Киік атуға рұқсат беріле ме - БҚО шаруаларын мазалаған мәселе биыл шешілетін болды

2022 жылғы 31 мамыр 02:24

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Шілде айынан бастап Батыс Қазақстанда «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерваты республикалық мемлекеттік мекемесі мен «Ащыөзек» мемлекеттік табиғи қаумалы құрылады. Бұл туралы аталған өңірге жұмыс сапарымен барған Экология вице-министрі Әлия Шалабекова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Экология министрлігінің өкілдері БҚО-ға іссапармен барды. Онда Жәнібек ауданының жергілікті шаруаларымен кездесті.

Жиында соңғы жылдары көбейген киік мәселесі көтерілді. Өйткені Орал популяциясындағы киікт саны 800 мыңнан асқан.

Тұрғындар төрт түліктің жайылымында көгал қалмайтынын айтады.

«Киіктердің көптігінен біз, шаруалар жапа шегіп жатырмыз. Жайылымға миллионға жуық киік келсе, ол жерде ешқандай шөп қалмайды. Бұлардың саны айтарлықтай көп. Қалайда азайту керек»,- деді Жәнібек ауданы Күйген көл ауылының тұрғыны Боранбай Айтқалиев.

Экология министрінің орынбасары Әлия Шалабекова киіктерді аулау үшін биологиялық негіздеме керектігін айтады.

Дегенмен, осы мәселеге қатысты министрлік тиісті жұмыс жүргізіп жатыр.

Сондай-ақ, жиында вице-министр шілде айынан бастап осы өңірде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрылатынын айтады.

Осы арқылы Орал популяциясындағы киіктің 250 мыңға дейін басын аталған аумақта ұстап тұру көзделмек.

«Бүгінгі таңда республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру туралы қаулы шықты. Қаумалдың ауданы 314504,1 гектарды, резерватының ауданы 343040,1 гектарды құрайды. Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы, Жәнібек, Казталов, Жаңақала аудандарының аумағында орналасатын болады. Мұнда киіктің 250 мың басына дейін сақталады»,- деді ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова.

Айта кетейік, Қазақстан аумағында Бетпақдала, Орал және Үстірт сияқты киіктердің әлемдік популяциясының 95% астамы мекендейді.

Еске салсақ, 2016 жылы елімізде жалпы киік саны 100 мыңнан сәл асқан.

Табиғат сақшыларының жүйелі жұмысының нәтижесінде қазір олардың саны бір миллион бес жүз мыңға жуықтаған.


Новости по теме
Серіктестер жаңалықтары