Қиғаш жəне Жайық өзендерін тереңдету - бағалы балық тұқымдарын сақтап қалу жолы

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында Қиғаш жəне Жайық өзендерінің түбін тереңдету жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Өзендердің түбін тереңдету жұмыстары 2017 жылы басталып, кестеге сəйкес жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Жайық жəне Қиғаш өзендерінің түбін тереңдету бойынша іс-шаралардың басты мақсаты - балық жүретін арналарда бағалы балықтың жойылып бара жатқан тұқымдарының өсімін ұлғайту, балықтардың уылдырық шашуға еркін өтуін қамтамасыз ету, өзен ортасының биологиялық алуан түрлілігі үшін қолайлы жағдайлар жасау, сондай-ақ мелиорация жəне өзен арналарын тереңдету. Жобаны іске асыру үшін қаражат республикалық меншіктен де, жергілікті бюджеттен де бөлінді. Қиғаш жəне Жайық өзендерінің түбін тереңдету жұмыстарын мердігер ұйым - "Павлодар өзен порты" акционерлік қоғамы жүргізуде.

null"Қиғаш өзенінің топырақ жинау жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскесінің жалпы ұзындығы 150,7 шақырымды құрайды, түбін тереңдетуді жүргізу мерзімі 15 ай. Іс-шаралар өткен жылдың желтоқсанында басталды, 2019 жылдың ақпан айында аяқталады", -деді "Павлодар өзен порты" акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары Мақсат Садуақасов.

nullМердігер ұйым өкілдерінің айтуынша Жайық өзенінің түбін тереңдету жұмыстары да өткен жылдың желтоқсан айында басталды. Жобаға сəйкес топырақ 23,5 шақырым қашықтықтағы учаскеде бастап жиналатын болады, сондай-ақ қашықтығы 16,9 шақырым жаңа өзен арнасы қазылатын болады.

null"Жайық өзенінің түбінде топырақты қазу жəне оны бетке шығару жұмыстары 8 сағаттан екі ауысымда жүргізілуде. Оператор мен моторист бір ауысымның өзінде ғана 150 метрге дейін су асты топырағын жинайды. Жайық өзенінің түбін тереңдету де 2019 жылы аяқталатын болады", - деп нақтылады М.Садуақасов. 

Соңғы жаңалықтар