Киевтегі Қазақстан елшілігін толықтай көшіру мәселесі қарастырылмады - Мұхтар Тілеуберді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді еліміздің Киевтегі елшілігіндегі қызметкерлерді эвакуациялауға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елшілікті толықтай көшіру мәселесі қарастырылып жатқан жоқ. Біріншіден, Украинадағы қазіргі жағдайда біздің дипломат қызметкерлеріміздің өмірі мен қауіпсіздігі маңызды. Сондықтан, қызметкерлерді басқа жерге көшіру мәселесі ескеріліп отыр», - деді М. Тілеуберді Сенатта тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, дипломаттардың негізгі бөлігі Варшаваға ауыстырылған.

«Олар сол жерден өз қызметтерін атқарып жатыр. Сонымен бірге, Киевте біздің консул қалды. Ол күн сайын Украинадағы азаматтарымызды қабылдап отыр. Ел азаматтары түрлі мәселе бойынша көмек сұрап келіп жатыр. Елшілікті толықтай көшіру немесе уақытша жабу мәселесі қаралып отырған жоқ», - деді министр.


Фото: 24.kz


Соңғы жаңалықтар