Киевте қазақстандық жас дарындар топ жарды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздің дарынды балалары Киевте өткен «Жас Еуропа» халықаралық ән байқауына қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Бұл туралы Хабар 24 хабарлайды. 

Осымен он бірінші рет ұйымдастырылған ән бәйгесіне әлемнің 9 елінен 75 бала қатысқан. Қазақ қыздарының өнері мен ұлттық киімі көрермен көзайымына айналып, қазылар алқасының жоғарғы бағасына ие болды.

«Жас Еуропа» деп аталатын халырақаралық ән байқауы биыл «авторлық», «ұлттық» және «эстрадалық ән» әрі «әлемдік хит» деп аталған бес аталым бойынша ұйымдастырылды. Биылғы байқауға алғаш рет Қазақстанның балалары арнайы шақырылып отыр. 10 мен 14 жас аралағындағы қыздарымыз: Жібек, Саяжан, Айғаным шетелге алғаш шыққандарын айтады. Қобалжып тұрғанына қарамастан, жас өрендер жақсы өнер көрсетті.

«Негізгі көйлегім барлығына өте әдемі көрінді. Өйткені біз мұны тіктірткен кезде адамның көзіне тез түсетіндей, әдемі көрінетіндей етіп тіктірттік. Және көбісі қай жерден және қалай тіктірттің деп сұрайды. Менің әнім «Туған жер» деп аталады, бұл көрерменге өте жақсы ұнады», - деді Жібек Елтай.

Украина, Италия, Польша, Сербия, Хорватия, Перу, Оңтүстік Корея, Израиль және Қазақстан биылғы байқауға әлемнің 9 елінен 75 әнші бала қатысты.

«Қазылар мүшесі әлемнің сегіз елінен іріктелді. Әлбетте, Украина тарапының өкілдері байқауға ең белсенді қатысты. Қазақстанның атынан өнер көрсеткен жас өнерпаздардың өнерлері жоғары бағаланып, балалардың барлығы жүлдегер атанды. Қазақ балаларының дауысы, сахна киімдері және ән салу өнері жоғары бағаланды», - деді «Жас Еуропа» халықаралық ән байқауының директоры Татьяна Апанасенко.

 Қазақстаннан келген үш қатысушы да құралақан қалмады, байқау қорытындысы бойынша «вокал» және «ұлттық ән» аталымдары негізінде және жас ерекшеліктеріне қарай 1, 2 және 3-орынды Қазақстанның балалары иеленді.

Соңғы жаңалықтар