Киевте қарттар үйі өртенді

None
None
КИЕВ. УкрИнформ-ҚазАқпарат – Киевтің Подольск ауданында «Күміс ғасыр» қарттар үйі өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат УкрИнформ агенттігіне сілтеме жасап.

Украина Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызметінің мәліметіне қарағанда, Подольск ауданындағы Лесозащитная көшесі, 11 б мекенжайында орналасқан үш қабатты «Күміс ғасыр» қарттар үйінің шатыры өртенген. Оқыс оқиға 12 наурыз күні сағат 05:51-де орын алған. Сағат 06:55-те 100 м2 алаңды шарпыған өрт ауыздықталған.

Ғимаратта 65 қарт адам болған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Украинаның Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызметінің және қызмет көрсетуші персоналдың көмегімен жоғарғы қабаттардан бірінші қабатқа 80 адам (оның ішінде 65 қарт адам және 15 персонал) эвакуацияланды.

Өртті сөндіруге 35 адам мен 8 техника жұмылдырылды.


Соңғы жаңалықтар