Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 382.38 EUR 428.30
RUB 5.97 CNY 55.39
Jańalyqtar

Киелі жерлер географиясы: Атыраудағы Ұшқан ата қорымына зиярат етушілер көп

2018 жылғы 10 маусым 10:13 860
Бөлісіңіз:
Киелі жерлер географиясы: Атыраудағы Ұшқан ата қорымына зиярат етушілер көп

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Ұшқан ата қорымы - XIV-XX ғасырлардың аралығына жататын Атырау облысындағы жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің бірі. Бұл қорым Атырау облысы бойынша Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандары құрамына енген. Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспекциясы басшысының орынбасары Фархад Байдәулетов ҚазАқпарат тілшісіне қорым жөнінде толығырақ айтып берді.

Ұқсас жаңалықтар
Қанат Бозымбаев жаңа министрлікті басқаратын бұрынғы орынбасары туралы пікір білдірді Автобус жүргізушілерінің денсаулығын «кресло» тексеретін болды

Ұшқан ата қорымы - Құлсары қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 50 км, бұрынғы Мұнайлы кентінен оңтүстікке 20 шақырым шақырым жерде орналасқан.

«Ел аузында қорым атауының шығу тарихы жөнінде бірнеше пікір бар. Оны бірі өмірде болған әулие «Ұшқан ата» есімімен байланыстырса, енді бірде «ағып жатқан үш бұлақ», яғни «үш аққан» атауымен және осы маңайда XVIII ғасырдағы қазақ пен қалмақ-торғауыт арасында өткен қанды шайқасқа байланысты «үш қан» деген мағынаны білдіреді деген аңыз сақталған», - дейді Фархад Бәйдәулетов.

Ұшқан ата қорымы орналасқан жер ағып жатқан бұлақ суымен ерекшеленеді, әсіресе, көктем мен күз айларында ертедегі көшпелі қазақтардың өмір сүруіне, ортағасырлық сауда-саттық жасаумен айналысқан керуен-жүкшілердің тыныс алуына аса қолайлы орын болған.
Қорымдағы саман кірпіштен тұрғызылған ортағасырлық ескерткіштер нашар сақталғанымен, кейінгі уақытта салынған кесене - мазарлардың күні бүгінге дейін алғашқы қалпы көп өзгермеген. Ұшқан ата қорымында бірнеше ғасырлар бойы әралуан пішінде діни жерлеу салттарымен тұрғызылған кесенелер тобы қалыптасты. Қорымның оңтүстік-батыс жағындағы Ұшқан ата зираты ертедегі дәстүр бойынша үстіңгі жақ беті топырақпен үйіліп, басына ағаш белгі қойылған. Үйінділер арасында шикі кірпіштен қаланған сәулет құрылыстарының жұрнақтарын айқын байқауға болады: бұларда XVIII-XX ғасырлардағы қазақ сәулет өнеріне тән көптеген белгілер сақталған.


Киелі жерлер географиясы: Атыраудағы Ұшқан ата қорымына зиярат етушілер көпФархад Бәйдәулетовтің айтуынша, ескерткіштердің сәулеттік-көркемөнер құндылығы әртүрлі. Олардың арасынан 94 құлпытас, 3 қойтас, 8 сағанатам мен 1 сандықтастың сәулеттік-сәндік және тарихи-этнографикалық маңызы бар деп есептеліп қорғауға алынған. Қорымдағы соңғы кезеңде жасалған құлпытастар ағайынды тас қашаушы шеберлер Елеусін мен Елболсын Егісінұлдарының қолдарынан шыққан.

Өткен заманда осыған таяу шағын мешіт бой көтергенімен, ол кейін бұзылып қалған.

Әсіресе, олардың арасында шикі кірпіштен тұрғызылған сағаналар тобы - «үй там», төрт бұрышты қоршаулар -«төртқұлақ» және тастан қашалып, ою-өрнекпен әсемделген құлпытас пен «қойтастар» ерекше көз тартады.

Өңірдегі тарихшылардың айтуынша, қорымдағы кесенелерге қойылған құлпытастарды үш топқа бөліп айқындауға болады: шағын қобдиша түрінде текше тастан қашалып, сәнді өрнектермен безендірілген төбесі жұмырланып бітетін құлпытас XVIII ғасырдың ортасы мен XIX ғасырдың басында жасалғанын аңғартса, ұзынша тақта бетіне оюлы әсем араб жазуларына толы (қайтыс болған адамның аты мен шығу тегі жазылған), басы дөңгелене бітетін құлпытастар XIX ғасырдың ортасына қарай қойылғанын білдіреді, ал XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында бой көтерген биіктігі 3-5 м-ге жететін алып бағана іспетті құлпытастар қомақтылығымен қоса аса көрнекілігімен де ерекшеленеді.

Ұшқан ата қорымында Адай, Кете, Шекті тағы да өзге рулардың өкілдері жерленген. Бүгіндері Ұшқан ата қорымына жергілікті және көрші облыстардан адамдар келіп зиярат етеді.

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Абай Абылайұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
MURAǴAT